Алматы облысының «Үздік ауыл әкімі» анықталды
Primary tabs
«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды. Конкурс қорытындысына сәйкес Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің әкімі Данияр Төлеуханұлы Қоңырбаев жеңімпаз атанды және конкурстың республикалық кезеңіне жіберілді.
Аталған конкурс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырлып отыр және қатысушылар жобалық жұмысты қорғау, халықтың бағалауы, эссе жазу, өңірлік комиссиямен әңгімелесу, пандемия кезіндегі қызметі сынды бірнеше кезеңнен тұратын бағалаудан өтті.
Жерлесімізге конкурстың республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз!
Дереккөз: https://www.instagram.com/p/CDRMjXfneLW/?utm_source=ig_web_copy_link