Алматы облысының білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

Primary tabs

Feb 09, 2021 / 0 comments

Сот Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованы екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады деп жазады Kaskelen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі (Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның қомақты мөлшерде ақша түрінде пара алуы) және 367-бабы 4-бөлігі (Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның қомақты мөлшерде пара беруі) бойынша іс қаралуда.
Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова, сонымен қатар Алматы облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығының басшысы Арапби Меңлібаев қамауға алынған.
"2021 жылы 4 ақпанда Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілер Омарова мен Меңлібаевқа қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдікті Абдолдановаға қатысты үйқамаққа алу түріндегі шара қабылданды", - деп хабардар етті құзырлы орган.