Алматы облысы - «сары» аймақта
Primary tabs
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2021 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы облысы - «сары» аймақта.
2021 жылы 18 қаңтардағы жағдай бойынша 8191 КВИ-мен сырқаттану дерегі тіркелді.
Соңғы аптада індет жұқтырудың 536 оқиғасы тіркелсе, өткен тәулікте бұл көрсеткіш 94-ке жетті. Соның ішінде Талдықорған қаласында – 23, Жамбыл ауданында - 14, Талғар ауданында – 9, Еңбекшіқазақ ауданында - 8, Панфилов ауданында - 8, Іле ауданында - 7, Қаратал ауданында - 7, Ескелді ауданында - 5, Ұйғыр ауданында - 4.
Ауруханада 536 адам ем қабылдап жатыр, олардың 30-ы ауыр халде, 356 адам амбулаториялық ем қабылдауда.
Коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылдың 21 қаңтарынан бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі.