Алматы облысы ПД «Facebook»-те парақшасын жандандырады

Primary tabs

Feb 10, 2020 / 0 comments

Алматы облысының тәртіп сақшылары қоғаммен өзара байланыс орнататын коммуникация арнасын хабарлап жеткізді.

«Қауіпсіздік орнату және жол журу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге облысымыздың барлық азаматтары атсалысуы қажет. Бұл мәселені бірлесіп шешкеніміз абзал болады. Азаматтарды құқық бұзушылық көрген кезде тез арада полицияның «102» пультіне немесе жедел кезекші бөліміне 8 (7282) 60-80-07, 60-80-08, 60-81-40 нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, осы тәріздес мәселелерді ПД бастығының egov.kz ресми парақшасында орналасқан жеке блогы арқылы жеткізуіңізге болады.

Жақын арада Алматы облысы ПД-нің «Facebook» әлеуметтік парақшасы қайта жандандырылады. Ол жайында біз сіздерді жаппай тарату арқылы қосымша хабардар етеміз. Ең бастысы, хабарлама жіберген уақытта құқық бұзушылықтың орын алған күні, уақыты және нақты орны, сондай ақ көліктің маркасы мен тіркелу нөмірі анық көрінетің болсын. Осы шарттар толығымен орындалса, полиция қызметкеріне құқық бұзушылық жасаған азаматқа көрсетілетін дәлелі бұлттартпас айғақ ретінде ұсынылады», - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінде.
Облыс аумағының қауіпсіздігіне, сондай ақ, жол жүру қауіпсіздігіне немқұрайлықпен қарамайтын азаматтар көбейіп келе жатқаны қуантарлық жағдай. Депратаменттің жеке сайтына, сонымен қатар БАҚ арқылы күнделікті ондаған құқық бұзушылық деректері жіберіліп отырады. Олардың барлығына әкімшілік заңнамаға сәйкес шешімдер қабылданады. Осындай белсенді азаматтарға ПД қызметкерлері ерекше алғысын жеткізгісі келеді.

 

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі