Алматы тауларында бір қыз жоғалып кетті
Primary tabs
Қазіргі уақытта Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле-Алатауында жоғалып кеткен қызды іздеп жатыр. Ведомство жоғалған қыз туралы ақпарат 7 шілде күні түскенін хабардар етті. Анасының сөзінше, ол тауға 5 шілде күні кеткен. Куәгерлер оны соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңында көріпті.
Қыздың телефоны үйде қалған. Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі 5 адамнан тұратын жеке құрамы іздеу-құтқару жұмысын бастап кеткенін хабарлап, құтқарушылардың екі топқа бөлінгенін де жеткізді. Біреуі - Алматы-Алагир асуына қарай, екінші топ Советтер шыңы жаққа қарай бет алған. Сонымен қатар, олардың гидрология стансасының жоғары жағындағы орманды да қарап шығтыны айтылды.