Алматы әуежайында екі ұшақ бір-бірін жанап өтті

Primary tabs

May 31, 2021 / 0 comments

лматы әуежайында бір ұшақ екіншісін жанап өтті. Оқиға орнынан түсірілген суреттер интернетте жария болған. Ақпаратқа қатысты Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді 

Бұл оқиғаға қатысты фотосуреттерді журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында жариялады.

Белгілі болғандай, екі ұшақ та Air Astana-ға тиесілі екен. Әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі оқиға 29 мамырда Алматы әуежайында болғанын хабарлады. Бұл сәтте бортта жолаушылар болмаған, оқиға ұшақты сүйреу кезінде болған.

"Ангардың техникалық тұрағы аймағында техникалық жұмыстар жүргізу үшін ұшақты тіркеп сүйреу кезінде A320 ұшағы Boeing 767 ұшағының тұрақтандырғышын шарклетімен жанап өтті. Екі борт та Air Astana-ға тиесілі. Қазіргі уақытта, екі ұшақта да жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысының Балқаш ауданында Қорғаныс министрлігінің ұшағы апатқа ұшырағанын жазған едік. Одан бөлек, Қазақстанда 8 әуе компаниясының қызметі тоқтатылғанын жазған болатынбыз. "Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 әуе компанияның, соның ішінде "Бек Эйр" компаниясының қызметі тоқтатылды", – делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.