Аудандық сотта фронт-офис ашылды
Primary tabs
25 қаңтарда Қарасай аудандық сот ғимаратында «Кедергісіз» құқықтық көмек көрсететін фронт-офистің салтанатты түрде ашылды.
Сот ішіндегі 60 шаршы метр аумақты қамтитын шағын кеңсе заманауи техникалармен және жайлы жиһаздармен жабдықталған. Фронт-офистің негізгі мақсаты соттардың халық алдындағы айқындылығын көрсетіп, азаматтарға оңай, әрі жедел жұмыс атқару. Мұнда халыққа арналған медиатор және адвокаттардың қызмет көрсететін бөлмелері де бар көрінеді.
Бұл кеңседегі жалпыға ортақ қызмет ететін – ақпарат орталығынан тұрғындар кез келген сауалдарына заң тұрғысынан кеңес алып, көмектеріне жүгіне алады.