Аудан әкімімен кездесуден кеш қалмаңыздар!

Primary tabs

Jan 10, 2020 / 0 comments

Қарасай ауданы әкімінің халық алдындағы жылдық қорытынды есебінің кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Бұл жөніндегі ақпарат Қарасай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. 

Айта кетсек, Елбасының жарлығына сәйкес, жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдер округ тұрғындарымен жүздеседі. Атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы күнге жоспарларын белгілейді. Халықтың ұсыныс-тілектеріне құлақ асады. 

Биылғы жылғы кестеде байқалған өзгеріс - кестеге "Тұрғындарды қабылдау уақыты" деген баған қосылған. Яғни, жалпы жиналыстан соң азаматтарға аудан басшысына жеке жолығып, жағдайларын айтуға мүмкіндік берілмек. 

Бұдан бөлек округ әкімдерінің де есеп беру жиындарының кестесі жарияланды.