Ауруханаға бөлінген миллиардтар желінген бе ?
Primary tabs
Алматыдағы модульдық аурухананың құрылысына бөлінген миллиардтарды талан-таражға салды дегендерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді деп хабрлайды Kaskelenkz тілшісі. Апта басында жемқорлыққа қарсы күрес қызметі коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін модульдық аурухананың құрылысына бөлінген қаржының қолды болғанын мәлімдеген еді. 280 орындық ғимараттың құрылысына 5 миллиард 900 миллион теңге бөлініпті. Алайда соның тек 2 миллиарды ғана жұмсалып, қалған 4 миллардтай қаражат талан-таражға түсті делінген. Аталмыш іс бойынша жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев күдікке ілінген болатын. Кейін жауапты агенттік бұл мәлімдемені жоққа шығарып, нақты кімнің ұсталғанын айтқан жоқ.