Ауыл тұрғындары жолды өз күштерімен жөндеді

Primary tabs

Apr 10, 2021 / 0 comments

Қарасай ауданы Бекболат ауылының тұрғындары Kaskelen.kz редакциясына мемлекеттің трапынан тас жолдар салынбағандықтан бұл жұмысты өздері жасауға тура келгендігін айтып видео жолдады.Видеода Жандосов көшесінің тұрғындары бірігіп жолдың кем-кетік жерін бітеп және тас пен топырақ төсеп жатқандығы анық көрсетілген.Халық шарасыздықтан әбден жалығып, өздері бастаған жұмысын ауыл әкімдігіне де жолдапты.Жалпы аудан бойынша жолдың сапасыздығы мен тас жолдардың болмауы тек бұл көшеде кездеспейді.Ал мұндай жолар көктем келіп, жаңбыр жауысымен балшыққа айналып, халықтың ашуын тудырады. Әкімдік тарапынан жолдардың жасалмауы қаражаттың жоқтығына байланысты екендігі айтылды.