Ақтауда ішінде адамдары бар лифт құлаған

Primary tabs

Sep 27, 2021 / 0 comments

Оқиға 17 -шағын аудандағы «Ақтау Плаза» тұрғын үй кешенінде болған деп хабарлайды 100.tenge.kz. 

«Ақтау Плаза» тұрғын үй кешені тұрғындарының айтуынша, 25 қыркүйек күні кешке, шамамен 19:30 шамасында бірінші қабатта ішінде адамдары бар лифт шахтыға құлаған. Ешкім зардап шеккен жоқ алайда бұл жағдай бірінші рет емес екен. Лифт ішінде емізулі әйелдер мен балалар болған.


Тұрғындардың айтуынша құрылыс компаниясы бұл жағдайдың бірінші рет емес екенін біледі, алайда ешқандай шара қолданбайды. Сонымен қатар тұрғындарға үйдің құжаттарын әлі табыстамаған және газ кіргізбеген.