Ақтөбеде студент жас жігітті несие рәсімдеуге мәжбүрлеген
Primary tabs
Ақтөбеде 1 курс студенті 18 жастағы ауыл тұрғынын смартфон алу үшін несие ресімдеуге мәжбүрлеген. Күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас әрекеттер жасағаны белгілі болды. Бұл туралы жепргілікті полиция департаментінің баспаөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
16 желтоқсан күні колледждің 1 курс студенті Мәртөк ауданының 18 жастағы тұрғынын құны 450 мың теңге тұратын смартфонды несиеге алуға мәжбүрлеген.
«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған адамның есебінде осыған ұқсас 3-тен астам эпизод бар екені белгілі болды. Бұл іс бойынша ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», — делінген хабарламада.
Аталған баптың санкциясы бойынша студентке 12 мың АЕК көлеміндегі айыппұл, не 1000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.