АҚШ-та медбике ардагерлерді өлтіргені үшін өмір бойына сотталды
Primary tabs
АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында жеті ардагерді өлім инъекциясы арқылы өлтірген медбике Рета Мэйсті штаттың солтүстік округтік соты жеті өмір бойына бас бостандығынан айырды.
USA Today-дің хабарлауынша, медбике 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылдың маусымына дейін Кларксбургтегі ауруханада инсулиннің өлім дозаларын Екінші дүниежүзілік соғысқа (1939-1945) және Корея соғысына (1950 -1953) қатысқан 81 бен 96 жас аралығындағы ардагерлерге берген. Оған жеті адамды өлтірді және тағы біреуін өлтірмек болды деген айып тағылды, деп хабарлайды ТАСС.
Басылым 2017 жылдың шілдесінде Мэйс түнгі ауысымдарды қабылдай бастағанын, дәл осы кезден бастап ауруханадағы егде жастағы науқастардың жұмбақ өлімдері тіркеле бастағанын атап өтті.
Тексеру барысында инсулинді (қандағы қант деңгейін реттеуге көмектесетін дәрі) тиісті бақылаусыз сақталғаны анықталды, медбике осы жағдайды өз мақсатына пайдаланған.
Бірқатар күдікті өлімдерге қатысты тергеу тек 2018 жылы басталды. Еске салсақ, елімізде әлеуметтік желіде "Алматы қаласының тұрғыны вакцинадан соң көз жұмды" деген ақпарат тараған болатын. Бұған қатысты мегаполистің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірген еді.
"Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттанарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Бақытжан Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған", – дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.