Бекболат және Қайнар ауылдарының орталық көшесі жөнделді

Primary tabs

Jun 15, 2020 / 0 comments

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жол құрылысы жұмыстарының қарқыны артуда. Соның ішінде ауыл көшелерін жөндеуге де ерекше мән берілуде. 

Қазіргі уақытта Бірінші Май ауылдық округіне қарасты облыстық маңызы бар Бекболат және Қайнар ауылдарының орталық автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар, жалпы ұзындығы- 2,5 шақырым, ені- 6 метр және Бекболат ауылының кіре берісіне ұзындығы- 600 метр, ал ені- 1 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынды.