Биік белестерге бағыт алған біздің бишілер
Primary tabs
«Грация» би өнері мектебінің жеті жылдық тарихы бар. Аудан орталығы Қаскелең қаласында және Шамалған ауылында орналасқан екі бөлімшесінде бүгінде 20-ға жуық ансамбль жасақталған.
Мектеп жетекшісі Жәмилә Гайдарова басшылық ететін өнер ордасының бүгінге дейін бағындырған биік белестері де аз емес.
Былтырғы жылы тамызда Шамалған ауылында «Асса би» атты жаңа ансамбль құрылды. Көркемдік жетекшісі 27 жастағы Сабина Исабаева Барнауылдағы Алтай мәдениет және өнер академиясының түлегі. Өзі " Юность " ансамблінің солисті.
Қазір «Асса би»-де 30 оқушы оқиды. 17 наурызда ансамбль бірінші рет Алматыда өткен ауқымды байқауға қатысып, түрлі жанрларда екі бірінші, бір екінші жүлделі орындарды иеленіп қайтты. Бұл жалпы өнер мектебі үшін үлкен қуаныш әрі жетістік болғаны анық. Болашақта бишілер бұдан да биік нәтижелерге қол жеткізіп, Елбасының туған жері – Қарасай ауданының атын үлкен сахналарда танытуды мақсат етіп отыр.