"Вакцинадан кейін бала көтеруге болмайды": Ақпарат қаншалықты рас

Primary tabs

May 06, 2021 / 0 comments

Telegram мессенджерінде "коронавирусқа қарсы вакцина жүкті әйелдер үшін аса қауіпті" деген хабарламалар тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Жазба авторының сөзінше, аталған екпе құрсаққа біткен баланы мутантқа айналдырады екен. Алайда Stopfake.kz басылымы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19-ға қарсы екі вакцина салынып жатыр. Олар:

ресейлік "Спутник-V", қазақстандық QazVac.

Басылым мәліметінше, аталған вакцинаның ешқайсысы жүкті әйелдерде сыналмаған.

Сондықтан екпе әзірлеушілерде оның бала көтерген әйелдерге қалай әсер ететіні туралы мәліметтер жеткіліксіз.

"Дегенмен "Спутник-V буаз жануарларда сыналды. Вакцина ұрғашы жануарға да, төлге де теріс әсер етпеген. Осы мәліметтерге сүйене отырып, мамандар бала тууды жоспарлағандарға вакцинациядан кейін екі-үш апта күтуге кеңес береді", - делінген хабарламада.