ДДСҰ әлем елдеріне жыл соңына дейін халықтың 30 пайызын вакциналауды тапсырды

Primary tabs

Jun 04, 2021 / 0 comments

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне жыл соңына дейін кем дегенде халықтың 30 пайызын вакциналауды тапсырды деп хабарлайды РИА Новости

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханам Гебрейесус әлем елдеріне 2021 жылдың соңына дейін бүкіл халықтың кем дегенде 30 пайызын вакциналауды тапсырды.

Бұл ретте, бірінші кезекте, медицина қызметкерлері мен қауіп-қатер тобына жататындарға вакцина салу керек.

"Вакцинацияның болмауы - бұл бүкіл елге қауіпті... Мен барлық елді ғаламдық вакцинациялау жұмыстарын қолдауға және қыркүйек айына дейін әр мемлекет халқының кем дегенде 10 пайызына, ал жылдың аяғына дейін кем дегенде 30 пайызына вакцина егуге шақырамын", - дейді ДДСҰ бас директоры.

Еске сала кетсек, бұған дейін “СҚ- Фармацияның“ басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Pfizer вакцинасын сатып алу мүмкіндіктері туралы пікір білдірген еді.

”Жағымсыз оқиғаларға байланысты AstraZeneca бойынша келіссөз тоқтатылды. Pfizer-мен үнемі келіссөз жүріп жатыр. Бірақ әзірге жеткізу кестесі бекітілген жоқ және белгілі бір талаптар қойылып отыр. Қалған вакциналар бойынша келіссөзді Денсаулық сақтау министрлігі жүргізеді. Үкіметтер деңгейінде де хат алмасу жүріп жатыр. CoronaVac бойынша Президенттің тапсырмасынан кейін Қазақстанның Қытайдағы елшілігі көмектесті. Яғни, дипломатиляқ арналар деңгейінде жұмыс жүріп жатыр”, - деді Ерхат Есқалиев.