Дубайды су басты

Primary tabs

Jan 13, 2020 / 0 comments

Біріккен Араб Әмірлігінде қатты нөсер жаңбыр жауды. Бұған елдегі қуатты циклон әсер еткен. Дубайда болған сел мен нөсер жауын салдарынан халықаралық әуежайды су басты. 

Ондаған рейстердің ұшуы мен қонуы кешіктірілуде. Дубай әуежайынан түсірілген видеода перрондар мен ұшу-қону жолақтарын су басқаны көрініп тұр. Ондаған рейстердің ұшуы мен қонуы кешіктірілуде. Ал кейбір көшеде көліктер су астында қалып, адамдар қайықпен жүзіп жеткен. Жауын-шашын мен су тасқынына байланысты әуежай жұмысы өзгерді. Рейстердің кешігуі келесі 24 сағат ішінде де жалғасуы мүмкін, - деп хабарлады әуежай басшылығы. Жаңбырдан бөлек, 12 қаңтар күні Дубайда бұршақ жауған еді.