Дін жайы кеңінен сөз болды

Primary tabs

Jun 10, 2019 / 0 comments

Қаскелең қаласындағы С.Жандосов атындағы кәсіптік-техникалық колледжінде діни экстремизмге қатысты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Бұл туралы аудандық жастар ресурстық орталығы әлеуметтік парақшасында мәлімдеді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: әлемдік діндердің, ислам дінінің бағыты, даму жолдары, ол жолдардың жазбаша, ауызша халық шығармашылығымен тәрбиелік мәні арқылы меңгеруге жетелеу. Жастарымыздың бойындағы асыл қасиеттерін көтеру, азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, тәрбиелеу. Жиналысқа Қарасай ауданының дін саласы бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Мәлік Гүлдана, колледж студенттері қатысты. Жалпы іс – шара жастар мен көрермендердің көңілінен шықты. Студенттер үлкен қызығушылықпен қатысты. Дөңгелек үстел соңында қонақтар өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, студент жастарымызға жақсы оқуға, өмір жолдарынан адаспауға шақырды.