Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты

Primary tabs

Jun 06, 2021 / 0 comments

Дәрігерлер Алматыда көлік қағып кеткен жаяу жүргіншілердің жағдайы туралы айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Зардап шеккен адамдар түрлі дене жарақатын және травматикалық шок алған. Екеуі облыстық стационарға жеткізілді, ал тағы бар адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Оның қолының білек тұсы сынып, жабық бас сүйек-ми зақымын алды. Стационарлық ем-дом алып жатыр, жағдайы ауыр" , - деп мәлімдеді Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері.

Айта кетейік, кеше Алматыдағы "Алтын Орда" базарының маңында ер адам такси ұстап тұрған үш жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Жүргізілген медициналық тексеріс нәтижесінде көлік жүргізушісінің "жеңіл дәрежеде" мас екені белгілі болды. Сондай-ақ оның есірткі қолдану фактісі де расталды. Алматы полиция департаментінің тергеушілері мен криминалистері істі тергеп жатыр.