Дәрігер адамның даусы қандай қауіпті аурудан хабар беретінін айтты

Primary tabs

Jun 12, 2021 / 0 comments

Британиялық дәрігер Жан-Пьер Жиннон Express басылымына берген сұхбатында адамның даусынан онкологиялық ауруды қалай анықтауға болатынын айтты.

Оның сөзінше, дауыстың еш себепсіз қарлығуы қалқанша бездің қатерлі ісігінен хабар береді. Маман мұндай жағдайды елемеуге болмайтынын атап өтті.

"Егер ол үш аптадан кейін кетпесе, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз", - деп кеңес берді Жиннон.

Десе де ол кәдімгі бактериалды инфекция да қарлығуға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Тағы оқыңыз: Қан қысымының төмен болуы несімен қауіпті – дәрігер жауабы

Бұған қоса, Жиннон көмекейдің жанында ісіктің пайда болуы, мойындағы іскен лимфатүйіндер, жұтынудың, тыныс алудың қиындауы секілді белгілерге назар аударуға шақырды.