Елордада бір айдың ішінде алтыншы рет карантин талаптары күшейтілмек

Primary tabs

Jul 24, 2021 / 0 comments

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитариялық дәрігерінің орынбасары елордадағы карантинді күшейтетін жаңа қаулыға қол қойды. Құжат Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында пайда болды.

Қаулыға сәйкес, сауда орталықтарындағы фуд-корттар жұмысына өзгеріс енгізілді. Енді оларға Ashyq жүйесіне қосылмаған жағдайда жұмыс істеуге тыйым салынады. Ал жүйеге қосылғандарға жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді, сенбі мен жексенбі жұмыс істеулеріне болмайды. Сондай-ақ, оларға кез келген күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін тамақ жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі.

Ashyq жүйесіне қосылмаған мейрамханалар, кафелер мен кофеханалар сияқты қоғамдық тамақтану орындарына (ғимарат ішіндегілер) енді сенбі мен жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салына отырып, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін ғана жұмыс істеуге (бұрын - 17:00-ге дейін істей алатын) рұқсат етілген. 

shyq мүшелері болып табылатын қоғамдық тамақтандыру орындарында жұмыс кестесі қысқартылды. Енді оларға сенбі мен жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салына отырып, сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін (бұрын - 20:00-ге дейін болатын) жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Жеткізу және алып кетуге енді тек Ashyq мүшелері үшін рұқсат бар. Өзгерістер фитнес орталықтарының, спа-орталықтардың, массаж орталықтарының, сұлулық салондарының, шаштараздардың, компьютерлік клубтардың және өзге де бірқатар мекемелердің қызметіне әсер етті. Қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз. Қаулы 26 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Айта кетсек, елордадағы карантин бір айдың ішінде алтыншы рет күшейтілуде. Бірінші жарлыққа 24 маусымда, соңғысына - 14 шілдеде қол қойылған болатын.