Енді Қарасай ауданының тұрғындары 15000 теңгені алу үшін жергілікті әкімдіктерге өтінім беруі тиіс
Primary tabs
Енді Қарасай ауданының тұрғындары 15000 теңгені алу үшін жергілікті әкімдіктерге өтінім беруі тиіс, деп хабарлайды Kaskelenkz.
Бұл туралы аудан әкімдігі инстаграм желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.
"2020 жылдың 19 мамырынан бастап коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге көлеміндегі төлемдерді өтеуге байланысты өтініштерді аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі емес, қалалық және округтік әкімдіктері қабылдайтын болады. Осыған байланысты коммуналдық төлемдер өтеу бойынша өтініштер тұрғылықты мекенжай бойынша әкімдіктерге берілуі тиіс" делінген хабарламада.