Жер қатынастарына қатысты тегін семинар өтеді

Primary tabs

Jan 16, 2019 / 0 comments

Қарасайлықтардың жер қатынастары мәселелері бойынша көкейде жүрген сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік парақшасында жарияланды.
Нақты айтқанда, мемлекеттік қызметтерді алуда халық үшін қолайлы орта құру және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында Алматы облысы әкімдігі мен Агенттік арасында «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының Жарғысы бекітіліп,  өңірлік кеңсесі іске қосылған еді.
Аталған жоба аясында, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттгінің жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат Базарбек Бақытжан Жұмабекұлымен бірлесе жер қатынастарына қатысты Қарасай ауданында тегін семинар өткізбек.

Семинардың өтетін уақыты және орны: 2019 жыл 17 қаңтар сағ.14.00-де, Қаскелең қаласы, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында.