Жоғалған бала табылды

Primary tabs

Dec 19, 2018 / 0 comments

Жақында Қаскелең қаласындағы мектептердің бірінде   бастауыш сыныпта оқитын оқушы жоғалып, жергілікті тұрғындарды бір дүрліктірді.

 10 жасар бала таңғы сағ: 11.55 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның өміріне алаңдап, дабыл қағушылар @kaskelenkz инста парақшасынан ақпаратты тезірек тарату жөнінде көмек сұраған.  

Ертеңінде баланың әпкесі оның табылғанын жазып, Қарасай ауданының ең белсенді әлеуметтік парақшасына алғысын айтқан.

Оқырмандар бұл отбасының қуанышын бөлісіп, бірі баламен жиі әңгімелесіп, көп көңіл бөлу керектігін сөз еткен. Белгілісі – бала дін аман, туысқандарына кетіп қалған екен.