Жұмыс іздеген қарасайлықтар өзге облыстарға тиімді шарттармен қоныс аудара алады

Primary tabs

Feb 28, 2020 / 0 comments

Жұмыс іздеген қарасайлықтар өзге облыстарға тиімді шарттармен қоныс аудара алады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Бұл туралы ақпарат Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ресми парақшасында жарияланды. 

"Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, Сіздерді «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» үшінші бағытының ерікті қоныс аударуды ынталандыру мақсатында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының жұмыс берушілерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 3-ші наурыз күні, сағат 10:00-де бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіледі. 

Осыған орай жұмыссыз азаматтарды, жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз! Өтетін орын: Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі №40, аудандық мәдениет үйі." - делінген хабарламада.

https://www.instagram.com/p/B9GMe4FHjV_/?igshid=2r7ufexqg36t