Заңсыз сақталып келген қару-жарақтарды сатып алу шарасы
Primary tabs
Ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап Алматы облысы полиция департаментінің, тұрғындардан заңсыз сақталып келген қару-жарақтарды сатып алу шарасы басталады.
«Ерікті түрде қару-жарақты тапсырған азаматтарға қару-жарақтың түріне байланысты 1 қаруға 10-нан 100-ге дейінгі АЕК көлемінде қаржылай үстеме төлеу қарастырылған», Өз еркімен тапсырылған қару-жарақтарды қабылдау және ресімдеу аудандық ішкі істер органдарында азаматтың жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
Сыйақы төлемі Қару-жарақ заттарын тапсырған адамдардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.
Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.Жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілерді тауып алған жағдайда олармен қандай да бір іс-әрекет жасамай, тек полиция басқармасының көрсетілген телефон нөмірлеріне - 102 немесе аудандық Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторларының +77001020007 немесе +77080925150 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.
Қосымша анықтама: Халықта заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциялар 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл кезеңде халықтан 51 мың біріліктен астам қару және 2 млн. ойық қару патрондары сатып алынған. Бұл ретте атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстар үш есеге (2012ж. 694-тен 2019ж. 238-ге дейін) төмендеді.