Иммунолог: Балалар коронавирустың "үнді" штамын бес есе жиі жұқтырып жатыр
Primary tabs
Профессор-иммунолог Алмаз Шарман коронавирустың "үнді" штамын бес есе жиі жұқтырып жатқанын айтты деп хабарлайды NewTimes.kz.
Сарапшылардың пікірінше, коронавирустың "дельта" штамы басқа штамдарға қарағанда анағұрлым жұқпалы. Одан бөлек, "үнді" штамын жұқтырғандардың ауруханаға түсіп, қайтыс болу қаупі жоғары.
"Балалардың "үнді" штамын бес есе жиі жұқтыра бастауы тағы бір ерекшелігі болып отыр. Яғни, COVID-19 жасарды. Алайда балаларда инфекцияның қаншалықты агрессивті өтетіні түсініксіз", - дейді Шарман.
Иммунологтың сөзінше, ересектер арасында вакцина салдырмағандар осы штамды жұқтыруға бейім келеді.
"Сол себепті вакцина коронавирустың "дельта" және басқа да түрлеріне қарсы жалғыз құрал болып отыр", - деді Алмаз Шарман. Сондай-ақ, ол коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасы "дельта" штамынан 17 пайызға қорғайтынын айтты. Ал екінші компонентті салдырған соң "үнді" штамына қарсы әсері күшейе түседі.
Еске сала кетейік, бұған дейін үндістандық дәрігер "үнді" штамының адам денсаулығына тигізер зардабын айтып берген еді. Вани Акбердің сөзінше, "үнді" штамының белгілері қарапайым тұмауға ұқсайды, алайда ауырғаннан кейін тромбоз, қант диабеті және жүрек аурулары сияқты түрлі кері әсерлері пайда болуы мүмкін.
Дәрігер "үнді" штамы көбінесе жастар жұқтыратынын айтады. Оның сөзінше, Үндістанда COVID-19-бен ауырғандар арасында зең ауруы анықталған.