Коронавирус жұқтырса, маскасы жарқырайды: Ғалымдар ауруды анықтайтын ерекше тәсіл ойлап тапты
Primary tabs
Жапонияның Киото префектура университетінің ғалымдары коронавирус жұқтырған кезде ультракүлгін сәулелену әсерінен жарқырайтын арнайы қорғаныс маскаларын жасап шығарды, деп хабарлайды Kaskelen.kz ақпарат агенттігі Japan Times сайтына сілтеме жасап.
"Түйеқұс антиденелерін төмен бағамен жаппай өндіре аламыз. Болашақта мен әркім пайдалана алатын қарапайым сынақ жинағын жасап шығарғым келеді", - дейді университет президенті Ясухиро Цукамото.
Цукамато ойлап тапқан маскасының көмегімен өзінің COVID-19 жұқтырғанын анықтаған. Тестілеу кезінде оның қорғаныш маскасы ультракүлгін сәуледе жарқырай бастаған, содан кейін ол ПТР тестін тапсырып, нәтижесі оң болып шыққан.