Коронавирус: Тағы бір облыс "қызыл" аймаққа енді
Primary tabs
Еліміздің өңірлерінлегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрған өңірлер қатарына Павлодар облысы қосылған
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта: Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Қазақстанда өткен тәулікте 3 003 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсеткен болатын. Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 3003 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып алды.