Кітап білім бұлағы
Primary tabs
Қаскелең станицасында 1928 жылы шілде айында мәдени ағарту ошағының есігі ашылды. 1961 жылы кітапхана жасақталып, оқу залы ұйымдастырылды. Қаскелең ауылы 1963 жылы қала болып жарияланған соң, аудандық кітапхананың жұмысы да жақсарды. Кітапхананы Алматы көшесіндегі бұрынғы әскери комитетінің үйіне ауыстырды.
Көптеген жаңарудан соң 1973 жылы орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылды. Қаскелең аудандық орталықтандырылған кітапхана Республикадағы озат тәжірибелі болып саналды. 1986 жылы желтоқсан айында кітапхана салынып, жаңа ғимаратқа көшірілді. 1987 жылдан бері кітапхана Ғ.Мұстафин атындағы аудандық кітапхана болып аталады. Кітапхана Қаскелең қаласы, Алматы көшесі №211 жеке арнайы ғимаратта орналасқан.
Ал, Абылайхан көшесі №143 орналасқан кітапхананың кітап қоры 43427 дананы құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар саны 7400 дананы құрайды.