Кәсіпкер аналарға арналған гранттар бағдарламасы іске қосылды

Primary tabs

Feb 20, 2021 / 0 comments

Көпбалалы аналарға, асырап алушы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарға кәсіпкерлік шеберлігіне үйретіп, жеке бизнестерін бастауға көмек көрсететін және 500 000 теңге көлемінде грант ұтып алу мүмкіндігін беретін бағдарлама өтінімдерді қабылдай бастады.


«Кәсіпкер-ана» бағдарламасының Қазақстанда тұсауы кесіліп, бағдарламаға қатысам деушілерден өтінімдер қабылдана бастады. Бағдарлама барысында қатысушылар:
● кәсіпкерлік ісінің шеберлігін үйренеді,
● қазіргі кезде отбасына қамқорлық көрсете отырып кәсіби тұлғалық даму мен жеке бизнестерін қатарынан сәтті алып жүретін кәсіпкер әйелдермен кездеседі,
● Рессей мен Қазақстанның тәжірибелі тренерлерінің басшылығымен өз идеяларын іске асыру үшін жеке бизнес-жоспарларын жасайды.


Бағдарламаның соңғы күні қатысушылар өз бизнес-жоспарларын сараптамалық әділ-қазылар алқасы алдында көрсетеді. Ең үздік деп танылған бизнес-жоспар авторы идеясын іске асыруға берілетін 500 000 теңге көлеміндегі грантқа ие болады.
«Біздің «Кәсіпкер-ана» бағдарламамыздың халықаралық деңгейге шыққаны біз үшін үлкен қуаныш. Алғашқы пилоттық маусымда әлеуметтік фокус жасап бағдарламаға тек көпбалалы аналар, асырап алушы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарды шақырдық. Бұл аналарға әдетте кездесетін жалдау шартына сәйкес күні бойы жұмыс орнынада болу қиынға соғады, кәсіпкерлік болса мұндай жағдайда аналар үшін жақсы балама бола алатыны сөзсіз. Ал келесі маусымдарда бағдарламаға кәмелет жасына толмаған барлық аналар, тіпті декреттік демалысқа енді шыққан әйелдер қатыса алатын болады», - деп қуанышымен бөлісті «В ответе за будущее» Қайырымдылық Қорының президенті Анна Сошинская.


«Кәсіпкер-ана» бағдарламасының Рессей Федерациясында тұрақты 8 жылдық тарихы бар, бүгінгі таңда елдің 60 аймағын қамтуда. Бағдарлама Рессейдің көптеген қалаларында кәсіпкер әйелдердің бірін-бірі қолдайтын, шабыттандыратын және тұлғалық дамуларына әсер ететін қоғамдастықтардың құрылуына себеп болды. Бұл қоғамдастықтардың дамуына «Кәсіпкер-ана» бағдарламасының ұйымдастырушылары мен серіктестері үлкен септігін тигізуде.

Карантиндік шараларға байланысты Қазақстанда алғашқы пилоттық маусым онлайн форматында 2021 жылдың наурыз айының 1-нен 15-і аралығында өтеді.
Өтінімдер www.mama-predprinimatel.kz сайтында 23 ақпанға дейін қабылданады.
«Кәсіпкер-ана» бағдарламасының ұйымдастырушылары: Amway Компаниясының «В ответе за будущее» қайырымдылық қоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы.
Қосымша ақпаратты www.mama-predprinimatel.kz сайтынан немесе +7 778 039 74 34 телефон нөмірі арқылы ала аласыздар.