Көлік полицейлері Алматы облысының 51 жастағы тұрғынын теміржол бойында мал жайғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты

Primary tabs

Feb 05, 2021 / 0 comments

«Қопа-Жиренайғыр» аралығында жүк поезының машинисі темір жол бойында бір отар қойдың болуына байланысты шұғыл тежеу қолданды. Басып кетудің алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде поезд 14 қойды қағып кетті.

Пойыздың тұрағы 9 минутты құрады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов мәлімдеді.

Возможно, это изображение (железная дорога, природа и небо)

Оның айтуынша, Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Шамалған станциясында үй жануарларының иесі болып табылатын Алматы облысының 51 жастағы тұрғынын анықтады.

«Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», - деді полиция полковнигі.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында пойыздардың шұғыл тежелуінің 145 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуы себебінен - 37, теміржол төсемінде малдың болуымен байланысты - 108.