Наурызда қағаз қаптаманың бағасы қымбаттады
Primary tabs
Наурызда қағаз қаптаманың бағасы қымбаттады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Қазақстанда наурыз айына қарай А4 форматындағы кеңсе қағазының бір бумасының бағасы орта есеппен мың теңгеге немесе 67%-ға қымбаттады. Ірі жеткізушілер қағаз қаптаманы көтерме бағамен үш мың теңгеден сатады.
«Бағаның өзгеруі Батыс Еуропадан ағартқыш қағаз шикізатын реагенттермен қамтамасыз етудегі үзілістерге және кейіннен Ресей Федерациясында кеңсе қағазы өндірісінің қысқаруына байланысты», - деп түсіндірді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.