Оралда жол апатынан екі адам қаза тапты

Primary tabs

Oct 12, 2021 / 0 comments

Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты.
Оқиға 9 қазан сағат 16:15 шамасында Абай даңғылында болған.
Бұрылғалы жатқан Lada Priora көлігінің бүйіріне қатты жылдамдықпен Мercedes келіп соғылған.
Салдарынан Lada Priora-ның 36-жастағы жүргізушісі мен 21-жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырған.

Бүгінде бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",-деп хабарлайды БҚО полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем станциясындағы бұл апат туралы қоңырау 17:05 -те түскенін айтты. Апат кезінде 1999 жылы туған ер адам түрлі дене жарақатын алған бірақ ауруханаға жатудан бас тартқан.

Полиция жол ережесін негізгі бұзушы Lada Priora-ның жүргізушісі екенін айтты.

Алайда осыған дейін, Mercedes көлігінің 21-жастағы жүргізушісі бұрында агрессивті түрде көлік жүргізіп, жол ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет айыппұл алған.