Оқушыларға тәтті таратқандардың кім екені анықталды

Primary tabs

Feb 05, 2020 / 0 comments

Қаңтар айының 14-де Шамалған округіндегі Үшқоңыр мектебінің маңында жүрген шетелдік азаматтардың кімдер екені анықталды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

 Оқушыларға білезік пен тәтті таратқан ауданымыздағы христиан дінінің протестант тармағынан шыққан гуд-ньюс деген ағымды ұстанушы топтың мүшелері екені анықталды.
Бүгін Қарасай аудандық әкімдігінде жиын өтіп, осы жағдай жан-жақты талқыланды. Аудан теологы Мағжан Құрман мен Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің дінтанушы маманы Қуанышбек Назар олар осындай істері арқылы әлі де ой-санасы толығымен жетілмеген балаларды өздерінің ағымдарына тартып алғылары келгендігін жеткізді. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін оқушылармен жұмыс жасау керектігі, діни шаралар мен профилактикалық жұмыстар көп жүргізу қажеттігі айтылды. 
Сондай-ақ, биылғы «Еріктілер жылы» елімізге өзге мемлекеттердің түкпір-түкпірнен волонтерлер атын жамылып миссионерлер келіп, әртүрлі шаралар өткізу арқылы өздерінің теріс ағымдарын насихаттаулары мүмкін екендігін және де ондай жағдайда дереу жергілікті учаскелік полиция инспекторына хабарласу қажеттігін жеткізді.