Оңтүстік Кореяда жалқаулардың жарысы өтіп, шаштаразшы жеңіске жетті

Primary tabs

Jun 22, 2021 / 0 comments

Оңтүстік Кореяда ештеңе істемей отырудан жарыс өтті. Қатысушылар 90 минут бойы барынша сабыр сақтап, қозғалмай отыруы керек деп жазады Life.ru.

Басылымның мәліметінше, биыл Чеджу аралында Space-Out сайысы ұйымдастырылға. Қатысушылар 90 минут бойы тыныш отыру керек. Осы ретте ұйымдастырушылар әрбір адамның жүрек қағысының жиілігін өлшеп, жіті бақылап отыратынын айта кеткен жөн.

Жиналғандар он үздік қатысушыны таңдап алады. Алайда кімнің жүрек қағысы бірқалыпты болса, сол жеңімпаз атанады. Ал ештеңе істемей отырып, ұйықтап кеткендер сайыстан шығарылады. 

Осылайша биыл 34 жастағы шаштараз иесі Ким Ареум жеңіске жеткен. Оның сөзінше, жүлдегер атану оңайға соқпаған.

"Мен қатты тоңып, қарным ашты. Сондай-ақ қарғалар қарқылдап, басқа қатысушылар жөтелді. Сол себепті маған ой ағынын тоқтату оңай болған жоқ. Бірақ мен өзімді сабырға шақырып, ұйықтап кеткен адам секілді отырдым", - дейді Ким Ареум.

Айта кетсек, сайысты Вупсянг есімді суретші ойлап тапқан. Ең алғаш рет байқау 2014 жылы Сеулде өткен. Содан бері ерекше жарыс Оңтүстік Кореяда ғана емес, Бейжің, Тайбэй, Роттердам секілді қалаларда да өтеді.

Вупсянгтің сөзінше, ол көптеген адамның демалысқа уақыты жоқ екенін түсінген кезде осы жарысты ойлап тапқан. \