Пандемия кезіндегі рамазан айы қандай болмақ?

Primary tabs

Apr 12, 2021 / 0 comments

Бүгін Алматы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай жамағатпен бірге намаз оқылмайтынын айтты деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.

Дін маманың сөзінше, Рамазан айы кезінде мешіттерде ұжымдық намаздың оқылмайтыны коронавирус індетімен байланысты. Биыл қасиетті Рамазан ай 13 сәуір күні басталып, 12 мамырда аяқталады. Бұл шешім Орталық Азия муфтияттарымен келісу нәтижесінде және ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде қабылданған. "Бірінші тарауық намазы бүгін, 12 сәуір күні оқылады. Қаламызда эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты мешіттерде жамағатпен тарауық намаздары уақытша оқылмайды", - дейді Еркінбек Шоқай. Сонымен бірге ол Рамазан айында айтылатын уағыз-насихаттар мен көпшіліктің сауалына жауап беру онлайн режимде өтетінін де атап өтті. "Azan.kz парақшасы және әлеуметтік желілер арқылы Алматы қарилары оқыған Құранды тыңдауға мүмкіндік болады.