Полиция қызметкерлері "Асыл арманда"

Primary tabs

Jun 14, 2019 / 0 comments

Қарасай ауданында «Аулада қабылдау» акциясы жүріп жатыр, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Бүгін, яғни, маусымның 14-де аудандық тәртіп сақшылары «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің ауласына арнайы шатыр орналастырып, көпшілікті ақпараттандыруға кірісті.

Ондағы мақсат – қаладағы тәртіп бұзу деректерін азайтып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру еді.

Заң қызметкерлерінің халық ортасына өздері келіп, жан-жақты мәлімет беріп жатқандығына риза болған тұрғындар оларға көкейдегі көп сауалды қоюға асықты.


 Әсіресе, асылармандықтар тарапынан ҚР азаматтығын қабылдау және азаматтығы жоқ тұлға мəртебесін алу жөнінде, тұрақты тіркеуге тұру, отбасылық-тұрмыстық қатынастарда əкімшілік құқық бұзушылықтарда жазалау түрлері, мерзімі, жəбірленушіге көрсетілетін көмек туралы, көлікке салынған айыппұлдардың көлемі, төлеуді жеделдету бойынша сұрақтар көп болды. Барлығына қаз-қатар отырған әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы, көші-қон қызмет бөлімшесінің аға инспекторы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, учаскелік полиция инспекторлары толыққанды жауап қайтарды.

Өз кезектерінде кешен тұрғындары шараның жұртшылық үшін өте пайдалы болғанын да тілге тиек етті.