Президент үндеуі: тегін азық-түлік алушылардың саны көбейеді

Primary tabs

Apr 01, 2020 / 0 comments

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысты тікелей эфирде халыққа арнайы үндеу жасады. Үндеуде айтылған негізгі мәселелер:⠀

▪️ 1 сәуірден 1 шілдеге дейінгі аралықта медициналық көмекті МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар да ала алады.⠀

▪️ Зейнатақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 пайызға индексацияланады.⠀

▪️ Үкіметке жанармай нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады.⠀

▪️ Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтар көбейеді. Мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да көмек ала алады. Тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға беріледі.⠀

▪️ 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгілінген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі.