Ресейлік аэрофлот әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерін тоқтатты
Primary tabs
Аэрофлот әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерін тоқтатты деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
8 наурыздан бастап ресейлік «Аэрофлот» компаниясы «рейстердің орындалуына кедергі келтіретін қосымша жағдайлардың туындауына» байланысты Қазақстанға рейстерін тоқтатты.
«Рейстердің орындалуына кедергі келтіретін қосымша жағдайлардың туындауына байланысты «Аэрофлот» әуе компаниясы 2022 жылғы 8 наурызда Мәскеу уақыты бойынша сағат 00:00-ден бастап Қазақстанға тұрақты рейстердің барлығын тоқтатады», - делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Тоқтатылған рейстерге билет сатып алған адамдар сатып алған жерінде билеттің толық құнын қайтара алады. Билеттерді ағымдағы жылдың соңына дейін қайтаруға болады. Сондай-ақ, жолаушылар басқа күндері жүретін маршруттарға билет брондай алады, деп хабарлайды әуе компаниясы.