Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
Primary tabs
Риддер қаласының полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер және қамқор тұрғындар екі жасар баланы түні бойы іздеді. Соңында, олар баланың өлі табылған соң, іздеу тоқтатылды деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Арсений Киселевтің анасы ұлының жоғалып кеткені туралы мәлімдемесімен полицияға жүгінді.
Әйелдің айтуынша, 9 сәуірде бала әдеттегідей күндіз аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін ол жоғалып кеткен.
Полицейлер Арсенийдің аға-әпкелерімен және көрші балалармен бірге ойнап жүргенін анықтаған. Алайда кейін араға уақыт салып, ол жоғалып кеткен.
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Өскеменнен Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен кинологтар көмекке келді.
"Полиция қызметкерлері бала өзенге жақындап, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам жасаған. Бұған су жағасындағы іздер дәлел болды.