Сайлау участкелерінің саны 44-тен 101-ге жетке
Primary tabs
Соңғы бес жылдың ішінде Қарасай ауданы экономикасының қарқынды дамуы тұрғындар санының күрт өсуіне ықпал еткен. Бұл туралы Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев аудандық мәслихаттының кезектен тыс ХХХІХ-шы сессиясына қатысқан соң өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Аудан басшысының сөзіне сүйенсек, халық санының артуының нәтижесінде сайлаушылардың саны 112 мыңнан бүгінгі күнде 188 мың 277 жеткен. «Осыған байланысты бұрынғы 57 сайлау участкісіне менің шешімімен қосымша 44 сайлау участкілері қосылып, аудандағы сайлау участкілерінін саны 101-ге жеткенін айтқым келеді. Осы ретте сессияда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заң талабына сай халықтың саны өсуіне байланысты сайлау учаскелерін құру – жергілікті әкімінің, ал, сайлау комиссияның мүшелерін бекіту мәслихаттың өкілеттілігіне кіретінін ескере келе, сайлау учаскелік комиссиясына мүшелер сайлаудың қажеттілігі жайлы мәселе көтерілді. Аталған заңға байланысты, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден комиссияға 824 үміткер ұсынылды» деген Жандарбек Ермекұлы өз әлеуметтік парақшасында.
Бұдан бөлек, жиын барысында мәслихат депутаттары үміткерлердің тізімін бірауыздан қолдап, мақұлданғаны, сонымен қатар, бірқатар шешімдер қабылданғаны айтылған.