"Санта-барбара" сырғанақ алаңы қауіпті болып тұр

Primary tabs

Jan 21, 2021 / 0 comments

Шамалған ауылындағы "Санта-барбара" атанып кеткен жабайы сырғанақ алаңы көпшілікке қауіпті болып тұр.


Мысалы, аудандық аурухана берген мәліметтерге сүйенсек, үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында, бір тәулік ішінде осы жабайы демалыс орнында 38 адам әртүрлі дәрежедегі сынықтармен түскен.


Олардың ішінде екеуінің омыртқасы сынған, 4 ауруханаға жатқызылған, бір бала жедел ота жасау үшін облыстық ауруханаға жөнелтілген. Осыған орай, аурухана басшылығы тарапынан аудандық әкімдікке, жоғарыдағы жайтпен қатар, коронавируса індеті өршіп тұрған уақытта мұнда шамадан тыс көп адамның жиналуы да тұрғындар үшін қауіпті екені ескертіліп, сырғанақ алаңына қатысты тиісті шаралар қабылдау бойынша ұсыныс берілген.