Синоптиктер алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жариялады

Primary tabs

Jul 03, 2021 / 0 comments

Қазақстанда алдағы үш күнде аптап ыстық болады.

Қазгидромет мәліметіне сәйкес, 3-5 шілде аралығында сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтеріледі.

"Солтүстікте, солтүстік-батыс пен орталықта түнде +15+23℃, күндіз плюс +35+40℃. Шығыста түнде 12+20℃-тан +17+25°С-қа дейін жетеді. Күндіз +27+35℃, кей жерлерде 30+38°С ыстық болады", - деп хабарлады синоптиктер.

 

Құтқарушылар Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігі мен Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының кейбір аудандарында өрт қаупі жоғары екенін ескертеді.

 

Ірі қалалардағы ауа райы

 

Елордада 3 шілде күні түнде +22+25 градус, күндіз +33+35 градус ыстық болады. Жексенбі күні күндіз сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріледі. 5 шілдеде түнде +23, күндіз +35 градус ыстық. 

 

Алматыда сенбі күні түнде +24 градус, күндіз +33 градусқа дейін ыстық болады. 4 шілдеде күн ашық, күндіз шамамен плюс 32 градус. Дүйсенбі күні +34 градус.

 

Шымкентте 3 шілдеде түнде 28 градус нөлден жоғары, күндіз 39 градус ыстық. Жексенбі күні түнде +27, күндіз плюс 40 градус. 5 шілдеде күндіз ауа температурасы +39℃ шамасында болады.