Су туралы қызықты ақпарат

Primary tabs

Dec 12, 2019 / 0 comments

Әлемдердің Раббысы Алла Тағаланың берген сансыз нығметтерінің бірі – су. Тіршілік көзінсіз өмірдің мәні жоқ. Бір қарағанда қарапайым қара су дерсіз. Бірақ, оның адам ағзасы үшін пайдасы ұшан теңіз. Біз ауруды емдейміз деп түрлі дәрі-дәрмек, дәрумендер қолданамыз, халық еміне жүгінеміз, алайда мұның барлығынан қолжетімді судың көмегі асып түсетін көрінеді.  Ғалымдардың бірнеше жылдық зерттеуі жеткілікті мөлшерде су ішу демікпе, аллергия, артрит сынды ауруларға шипа. Мидың да жақсы жұмыс істеуі үшін су қажет. Егер тіршілік көзі толыққанды жетіспесе, есте сақтау қабілеті төмендеп, адам ашуланшақ бола бастайды. Тіпті су жаңа сығылған шырыннан да артық. Ол теріні жас қалпында сақтап, артық салмақтың алдын алады және жүрек ұстамасының қауіпін сейілтеді.    

Судың пайдасы тию үшін оны дұрыс іше білу керек: 

  • Бір дегенде 300 мл-нан артық ішпеу керек;
  • Тамақ ішер алдында 30 мин бұрын , ал ас ішкеннен кейін 1 сағаттан кейін ішу керек;
  • Күнде таңертең қайнатылмаған жылы су ішу және сүннет бойынша бал қосып ішкен абзал;
  • Ересек адамға күніне 2-3 литр су ішу керек;
  • Суды отырып ішу керек.

Су туралы қызықты деректер:

  • сұйық кезінде 5 түрлі, ал қатқанда 14 түрлі күйде болады;
  • Ғалымдар өзгешеліктеріне қарай 1300-ге жуық судың түрін тапқан;
  • Барлық тіршілік иелері судан тұрады: жануарлар - 75 %, көкөністер түріне қарай  -60-90%-ға дейін, адам денесі судан тұрады- жаңа туған бала 86%, егде адамдарда 50%-ға дейін;
  • Адам ағзасы 12% сұйықтықтан айырылса, дәрігердің көмегі қажет;
  •  20% сұйықтық жоғалтса, адам жан тапсырады;
  • Адам баласы сусыз тек 3-5 күн ғана өмір сүре алады;
  • Жердің беті 80 % судан тұрады, соның 1 % ғана ауыз суы;

     

    Ihsan.kz сайтынан алынды.