Тарихта бірінші рет: Токио Олимпиадасына транссексуал қатысатын болды

Primary tabs

May 06, 2021 / 0 comments

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, 43 жастағы Хаббард ең ауыр - 87 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Оған спортшылар рейтингінде өзінен жоғары алтылық бара алмайтын болғандықтан, Токиодағы Олимпиада ойындарынан жолдама берілген. Операция алдында спортшы Жаңа Зеландиядағы ауыр атлеттердің бірі болған. Оның бұрнығы есімі Гэвин. Бірақ ол халықаралық аренада айтарлықтай жетістікке жете алған жоқ. Гендерлік өзгерістен кейін көп ұзамай, таңқаларлық жағдаймен әйелдер арасында - әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.