ТЖ кезіндегі мейрамханаларға арналған нұсқаулық тізімі

Primary tabs

Mar 20, 2020 / 0 comments

ТЖ кезінде дәмханалар, мейрамханалар, барлар және асханалар үшін нұсқаулықтар:

Дәмханалар, мейрамханалар, барлар, асханалар және басқа да қоғамдық тамақтану объектілері төтенше жағдай кезеңінде әзірленген ұсынымдарға сәйкес 22:00 сағатқа дейін жұмыс істеуі, ал келушілердің санын 50 адамға дейін шектеуі тиіс. Сонымен қатар, өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша тарату желісіне тыйым салынды, ал үстел арасындағы қашықтық кемінде екі метр болуы тиіс.

Сондай-ақ персоналды ауысымда кемінде екі рет ауыстыру қажет, бір рет қолданылатын қолғаптарды әрбір үш сағат сайын ауыстыра отырып, бір рет қолданылатын маскалармен қамтамасыз ету маңызды. ЖРВИ белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жіберуге болмайды. Сондай-ақ санитайзерлерді орнату және күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтау керек.