Токио Олимпиадасында шілде айынан бастап 150-ден астам коронавирус дерегі тіркелді

Primary tabs

Jul 27, 2021 / 0 comments

Токио Олимпиадасымен байланысты тағы жеті адамда коронавирустың белгілері байқалды деп хабарлайды Kyodo News.

Ауру жұқтырғандардың қатарында шетелден келген екі спортшы бар, сөйтіп осы айдың басынан бері жұқтырғандардың жалпы санын 155-ке жетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі спортшы да спорт қалашығында тұрған. Қалғандары ойындармен байланысты үш ресми өкіл, бір мердігер және ұйымдастыру комитетінің мүшесі. Жексенбідегі жағдай бойынша ойындарға қатысу үшін Жапонияға шетелдерден 37 579 адам келді.

Токионың полициясы сейсенбіде хабарлағандай, жұма күні ойындардың ресми басталуына дейін олимпиадалық алаңдарда қауіпсіздік саласында жұмыс істеген тағы үш офицердің коронавирусқа тапсырған тестілері оң нәтиже берген.

Еске сала кетсек, таеквондошы отандасымыз Жансель Денис Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен еді. 67 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен ол бірінші кездесуін өзбекстандық спортшыға қарсы өткізді. Екеуара кездесу 10:9 есебімен Жансельдің еншісіне шешілді.

Оған қоса, Токио Олимпиадасында таеквондодан 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Руслан Жапаров Олимпиаданы сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда Германия спортшысы, 2017 жылғы әлем чемпионы Александр Бахманды 11:7 есебімен ұтты. Руслан Жапаров келесі айналымда Оңтүстік Корея өкілі Кио Дон Инмен кездеседі.