Туу туралы куәлік пен дипломның телнұсқасын қалай алуға болады?

Primary tabs

Feb 09, 2021 / 0 comments

Білім туралы құжаттардың, яғни мектепті бітіргеніңіз туралы аттестаттың не кез келген оқу орны дипломының телнұсқасын қалай алуға болады? Сонымен бұл аталған құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар:

    Еgov.kz арқылы:
:pushpin:Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметті табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
:pushpin:Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді, қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаңыз;
:pushpin:Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетіңіз;
:pushpin:Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
:pushpin:Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріп отырыңыз.
Есіңізде болсын:exclamation:
:point_up:Бұл қызмет түрін электронды алу үшін сіз міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек.

:alarm_clock:Қызмет көрсету уақыты – 15 жұмыс күні.

:key:ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін:
:pushpin:Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз;
:pushpin:ХҚО операторы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметіне өтініш қалдырыңыз;
:round_pushpin:Қажетті құжаттар тізімі:
:paperclip:Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;
:paperclip:Өтініш беруші кәмелет жасына толмаған азамат болса, оның ата-анасы немесе заңды өкілінің құжаттары.

Есіңізде болсын::exclamation:
:point_up:ХҚО-ға бармас бұрын білім беру орынының мекенжайын, дұрыс атауын, оқу орнының атауы өзгерген болса, оның жаңа атауын, пошта индексін біліп алыңыз.
:point_up:Егер білім беру орны жабылып қалса, сұратылған құжаттың телнұсқасы жергілікті мұрағатқа сұрау жіберу арқылы алынады.

:moneybag:Қызмет көрсету құны – тегін.
:alarm_clock:Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 30 жұмыс күнін құрайды.